"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение  "Начальная школа села Караозек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Күз кереметтері

14.10.2020

Тақырыбы: «Күз кереметі»

Мақсаты: Оқушыларға берекелі күздің қыры мен сыры және ырысы мен қуанышы туралы түсінік беру. Өздерінің қатысуымен сахналық көрністер қойып, таным қабілеттерін ашу. Жыл мезгілдерінің төресі болған күз жайлы өздері білетін ойларын ортаға салу. Қоршаған ортаны аялауға, үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.

РЕКЛАМА


 

Түрі: тәрбие сағаты.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрнекілік, сюжеттік ойындар, сахналық қойылым, сұрақ-жауап.

Көрнекілік: үнтаспа, күзге байланысты суреттер, шарлар, т/б

Жүргізілу барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі;

А) Әр сынып оқушыларын отырғызу;


 

Ә) Тәрбие сағатының барысымен түсіндіру;

Кіріспе сөз:

  • Күз дегеніміз, біріншіден байлық, молшылық: қаптаған астық, картоп, жүгері, күнбағыс, қарбыз, қауын, алма, өрік, жүзім. Осының бәрі күзде әбден пісіп-жетіледі. Дала да, егін де, орман да –бәрі сап-сары. Сондықтан халық күзді «Алтын күз» дейді. Екіншіден, күз-ет пен май. Мал да, аң да, құс та күзге дейін семіріп болады. Күз-қауырыт еңбектің кезі. Барлық адам қысқа өзіне керектінің барлығын осы мезгілде жасап алады. Бүгін қадірменді ата-аналар, кешке жиналып отырған оқушылар. Барлық жыл мезгілдерінің ішіндегі сұлтаны болған күз жайлы бар білетінімізді ортаға салмақпыз. Сондықтан бүгінгі «Күз кереметі» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер, дей отырып шағын кешімізді бастаймыз.

 

 

 

 

Просмотров: 290


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст