Қазіргі кезде бағалау түрлері сан алуан. Өйткені қазіргі кезде сабақ барысында бағалау оқушының білімін бағалап қана қоймай , оның нені меңгергені және қаншалықты меңгергені маңыздырақ екені ескеріледі. Сабақ барысында оқушылар бір - бірінің кемшіліктерін түзеу арқылы үйренеді, бір - біріне үйрету арқылы есте сақтайды. Оқытуды , оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдерді жақсарту мүмкіндіктерін және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін анықтауға бағғытталған бағалау Қалыптастырушы немесе Оқу үшін бағалау деп аталады. Мысалы: "Күн шуағы" әдісі арқылы мына түрде бағалауға болады. Күн шуағын жасап, әр шуағына оқушылардың есімдері жазылады, соған қарай стикерлер жабыстырылады. Сонымен қатар сабақ барысында формативті түрде де баға беріп отыру тиімді, өз нәтиежесін де береді. Өйткені формативті бағалау оқушыны ынталандыра отырып , тапсырманы белсенділікпен және қызығушылықпен орындауына ықпал етеді.