Оқушылар мектепке мектеп формасын киіп, таза күйінде сабақ басталар алдында 10минут қалғанда кешікпей келулері керек.
Мектепке кіргеннен кейін оқушылар сыртқы киімдерін және аяқ киімдерін шешіп екінші аяқ киімдерін киеді, шаштарын әдемілеп, киімдерін дұрыстап, сыныпқа кіріп оқу құралдарын дайындап мұғалімді күтіп отырады.
Өрт қауіпсіздігі, Жол ережелерін оқып, біліп және сол Ережелерді сақтауға міндетті.
Оқушылар бір- бірімен достық, әдептілік, қайырымдылық қарым- қатынаста болу керек. Жаман әдеттерден аулақ болуы тиіс.
Оқушылар, үлкен адамдарды сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге оларға керек болғанда көмектесуге, мектептің, өзінің және басқаның мүлкін сақтап, ұқыптылықпен қарауға, мұғалімдердің және мектептің басқа жұмыскерлердің талаптарын орындауға міндетті.
Оқушылар бір-бірін атымен атап, үлкен адамдардың тегін атап «сіз» деп және бөтен адамдарға да «сіз» деп сөйлеседі.
Оқушылар үлкен адамдарға жол беріп; кішкентай оқушыларды алдымен жіберуге және де ұлдар қыздарға жол берулері керек.
Бір-бірімен сөйлескенде бұзақы, бейбастақ сөздерді қолданбай, тіл мәдениетін сақтап сөйлесуі керек. Күш қолдану адамның ар-намысын қорлайды, сондықтан мектепте төбелесуге қатаң түрде тыйым салынады.
Оқушыларға: сабақ кезінде мұғалімнің немесе оқу меңгерушісінің рұқсатынсыз мектептен және оның маңайынан, өз бетінше спорттық, мәдени және сыныптан тыс шаралардан кетуге болмайды; мектепте және оның маңайына жарылғыш, жанғыш, сұйық заттарды, пиротехникалық бұйымдарды, газ баллондарын, шылым мен спирттік ішімдіктерді, есеңгірететін және уландыратын заттарды әкеліп пайдалануға қатаң тыйым салынады.
Мектепте: оқушылардың өміріне және денсаулығына қауіпті болғандықтан, терезе алдына мінуге, шкафқа шығуға, баспалдақтың таянышымен сырғанап түсуге, басқа оқушыларды итеруге, мектептегі шаруашылық бөлмелерінің есігін ашып-кіруге, электрлік шкафтарды ашуға ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ