Текст
Балалар кітапханасы - ұрпақ мұрасы . Кітап - асыл қазына. Ал, кітапхана - ғасырлар бойы келе жатқан шырағы биік парасат пен білімнің киелі шаңырағы. Бізде де руханият ордасы - аудандық балалар кітапханасы бар.Түрлі-түсті кітаптар, ертегілер, мақал-мәтелдер алыстан менмұндалап тұратын-ды. Кітапханада өткізілетін іс-шаралардың тәрбиелік тұрғыдан орын алатыны белгілі. Кітапхана табалдырығын аттаған әрбір оқырман кітапханашы арасындағы тіл табысу, түсінушілік әңгімелері, олардың ықыласпен күтіп алып, көмек көрсетуге әзірлігін білдіру - кітапхананың басты ұранына айналғандай болды.