Текст
Бала психологиясы - жас ерекшелігі психалогиясының негізгі бөлімі. Ол адам өмірінде тұтас бір кезең болып табылатын балаық шақтың психикалық даму заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясының іргетасы болған бала психологиясы 19 ғ аяғында дербес пән ретінде өмірге келді. Бала психологиясының негізін қалаған неміс ғалымы В.Прейер. Ол бала психологиясын зерттеуде тұңғыш рет интроспекция әдісін обьективті бақылауға өтуді жұзеге асырады. В.Прейердің "Бала жаны" атты кітабы -1882 жылы- бала психологиясын жүйелі зерттеуді бастап берген психалогиялық еңбек.