"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение  "Начальная школа села Караозек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

8 наурыз

12.03.2019

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ананың құдіретін де мейірімді жан екенін оқушыларға түсіндіру. Жанұядағы ана менбала арасындағы қарым-қатынасын нығайту.

Дамытушылық: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеп сыйлай білуге үйрету. Оқушының бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.

Тәрбиелілік: Адамгіршілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тірбиелеу.

Көрнекілігі: «8-наурыз аналар мерекесі» жазуы, суреттер, шарлар, гүлдер.

Сабақтың барасы:

Мұғалім сөзі: Қымбатты ұстаздар, аналар қонақтар! Көктемнің алғашқы бәйшешегіндей бүр жарған мерекелелеріңіз құтты болсын. Әйел бақыты, әрқайсыңыздың басыңызда болсын деген ақ ниетпен 8-наурыз мерекесіне  сынып оқушыларға дайындаған «8-наурыз аналар мерекесі» атты тәрбие сағатымызды тамашалауға қош келдіңіздер! Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақта аял алақаны, жан жылуы бізді ілдилеп жұбатады, көңілімізді сергітеді. «8-наурыз аналар мерекесі» атты ашық сабағымызды бастаймыз.

Жүргізуші:

Сәлеметсіздер ма құрметті аналар,қыздар!!

Сіздерді 8 наурыз аналар мейрамымен  қараөзек бастауыш мектебінің оқушылары шын жүректен құттықтайды. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт ,қажымас қайрат,бақыт,шаттық,көтеріңкі қөңіл күй тілейміз.

Сүйікті аналар, сіздерге деген балалығымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.

 

Жүргізуші:

Хадиша мен Әлидің өлең шумақтары.

 

Жүргізуші

Ана- әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді ең қамқор адам. Ана деген – адамзаттық данасы  Ана деген –сәбилердің панасы. Ана деген – жарық жұлдыз шырағың. Ана деген – қайнар ыстық бұлағы

 

Әлидің орындауында ән «Қошақаным»

Қабыл алыңыздар

 

Жүргізуші

Құтты болсын ардақты анам,

 Асыл анам мерекең.

 Құтты болсын ұстаздарым,

 Қуанышты мерекең

 

2-3 сыныптың өлең шумақтары

 

Жүргізуші:

Той пердесін ашайық,

 Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

 Ән маржан шашайық.

 

Ұлдардың орындауында ән « Айналайын ақ мамам»

 

Жүргізуші:

Құтты болсын ардақты ана

Асыл анам мерекең.

 Құтты болсын теңдік алған,

 Қуанышты мерекең

 

Қазір аналармен ойын ойнаймыз

Аналармен ойын  «Аялы алақан»

 

Жүргізуші

 

Әлпештеген баласын

 Ана-бақыт, ана-күн

Әркім сүйіп өзінің

 Мақтан етер анасын.

 

Би «Біздің жігіттер»

 

Жүргізуші

Аналарды сүйеміз,

Ақылын ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

 

Хадиша мен Мадинаның орындауында  ӘН  «Сағындым әже сағындым»  

 

Жүргізуші:

Алақаны- ақ самал,

 Мәпелекен жан ана.

 Көкте күнім батса да,

 Өзің күнсің балаңа.

 

 

Аналарға сыйлық беру

15-оқушы

 

Қорытынды.

Жүргізуші: Бүгінгі аналарымыздың,  құрметіне арналған «8-наурыз аналар мерекесі» концертімізді  аяқтаймыз. Ардақты әжелер, жер бетіне өмір сыйлаушы аналар, ұстаздар сіздерге айтылар ән мен жыр таусылмақ емес.  Көктемнің мерекері мекрекеге жалғаса берсін! Мерекелеріңіз құтты болсын. Келгендеріңізне көп көп рахмет.

Просмотров: 389


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст