Т/с тақырыбы: «Ұлттық салт-дәстүрлер»
Т/с мақсаты: 1.Оқушыларға ата-бабаларымыздың салт-дәстүрі туралы түсінік беру. Қазақтың салт-дәстүрлерін оқушылардың бойына сіңіру.
2.Оқушылардың өз халқына, ұлтына, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
3.Балаларды ұлағатты салт-дәстүрді дәріптеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, слайдтар
Т/с барысы: І. Шаттық шеңбері
ІІ. Кіріспе /мұғалім сөзі/
Құрметті ұстаздар,оқушылар және ата-аналар! Бүгінгі тәрбие сағатымыздың негізгі мақсаты – халқымыздың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын оқушы бойына сіңіру. Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын білу, оны қастерлеу – әрқайсымыздың борышымыз.