Тақырып: Қандай болып өсемін
Сабақ мақсаты:
Оқушыларды рухани- адамгершілік,сүйіспеншілік ,қайырымдылық туралы түсініктерін ащу.
Міндеттері:
- адамзатты,табиғатты сүюге, мақтан тұтуға, құрметтеуге тәрбиелеу
- Адамгершілік, сүйіспеншілік, қайырымдылық сезімдерін арттыру. Ресурстар:
Оқу құралдары,үнтаспаға жазылған Сөзін жазған: О.Әубәкіров,әнін жазған: К.Қуатбаев «Ақ әжем »әнін орындату;шығармашылық жұмыстың тапсырмасы;мультфильм
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Тыныштық сәті
1,2,3...көзімізді жұмып терең демаламыз.Денелеріңді түзеу ұстап,бастарынды жоғары көтеріп ,ыңғайланып отырыңыздар.Туған елінің тамаша жерлерін көз алдына елестетейік.Ауаны терең жұтып,еркін тыныстандар,айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап.қоршап,қамқор болып жатқаның сезінеді.Тұла бойыныз жақсылыққа,сүйіспеншілікке толғанын сезінейік.Осылай екі минуттай отырады.
3.Үй тапсырмасын тексеру:
«Мен қамқорлықты қалай түсінемін?»әңгіме дайындап келу.