«Қауіпсіздік ережесі»
Сынып сағаты: Қауіпсіздік ережесі
Мақсаты:
• Балалардың үйде, көшеде, табиғатта қауіпсіздік ережесін сақтай білу жөніндегі білімдерін бекіту; алғашқы дәрігерлік көмектің қарапайым түрін көрсете білуге үйрету;
• Ойлау, пайымдау, еске сақтау, логикалық ойлау дағдыларын дамыту;
• өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу
Бағыты: Оқушылар өмірінің қауіпсіздігі
Көрнекілік:
• фигуралар, • қорапша
• йод, зеленка, мақта, градусник, дәрі, дәкі • АКТ құралы
Өту барысы
Мұғалім: –Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін біздер қауіпсіздік ережесі туралы әңгімелесеміз.
Ережелер еліне
Саяхатқа барайық
Қауіп-қатер төнсе егер
Сақтық жолын табайық.
–Біздер Қауіпсіздік Ережесі еліне пойызға мініп аттанамыз. Ол үшін онлайн ойын ойнайық. Түстеріне қарай вагондарды тіркейік. –Міне, біздер Қауіпсіздік Ережесі еліне келдік..