"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение  "Начальная школа села Караозек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мамандықтың бәрі жақсы

26.04.2021

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»

Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінң түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.

Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңда білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Бағыты : саяси-құқықтық,патриоттық,экологиялық,адамгершілік,салауаттылық.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: мамандық суреттері.

Барысы: I. Ұйымдастыру

ә)Ақпараттық шолу.

ІІ Негізгі бөлім / Сынып сағатының барысы/

Балалар, бүгін біз мамандық туралы әңгімелесеміз. Айтыңдаршы, маман дегеніміз не? Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек?

- Ендеше әрқайсымыз өз қалаған мамандығымызды айтайық.

- Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі.

Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.

Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тапта бар қалан,

-деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.

Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.

Просмотров: 225


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст